Қазір аутизм дертіне шалдыққан сәбилер қатары жылдан-жылға көбейіп жатыр. Әлемде бұл дерттің таралу деңгейі жылына 14% артады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылы әлемдегі әрбір 54-ші балада аутизм белгілері бар деген болжам жасаған. Ал біз бұл дертпен күресте қандай қам жасап жатырмыз? Елімізде аутист баларға қызмет көрсететін білікті мамандар жеткілікті ме? Бұл – Біздің мақсат.